Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде қабаған ит аулада ойнап жүрген балаларды талап тастаған

Ақтөбеде қабаған ит аулада ойнап жүрген екі балаға шабуылдаған. Оқиға 16 тамызда болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

балалар

16 тамыз күні сағат 19:30-да 102 нөміріне Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі №75 мекен-жайында ит бірнеше адамдарды тістегені туралы ақпарат келіп түскен. Анықталғандай, 10 және 16 жастағы кәмелетке толмаған балалар аулада ойнап жүрген. Осы кезде оларға жақын маңдағы стаффордшир бультерьер тұқымының иті шабуыл жасаған.

Балалардың бірінің ағасы итті көріп, балаларды қорғауға тырысқан. Жағдайды көрген көршісі үйінен тіркелген қаруын алып шығып, итті атып, жарақаттады. Ветеринарлық қызмет келгеннен кейін итті ұйықтатып тастаған.

Балалар ауруханаға “оң иық, білек, оң жамбас және сол жақ тізе тістеген жаралар” диагнозымен жеткізілді. Тексеру барысында полиция қызметкерлері иттің иесін анықтады. Оған қатысты “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодекстің 407-бабының 2-бөлігі, 1-тармағының 4-бөлігі (Қазақстан Республикасының жануарларға жауапты қарау саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік іс қозғалды. 

“Құрметті үй жануарларының иелері, үй жануарларын қадағалауыңызды сұраймыз. Иттерді серуендету кезінде қауіпсіздік шараларын (тұмылдырықты қолдану, тізгінді пайдалану және т.б.) және жануарларды ұстау ережелерін есте сақтау қажет. Ата-аналар, балаларыңызға сақ болыңыздар”, – делінген Ақтөбе облысы полиция департаментінің хабарламасында. 

Талқылау