Ақтөбеде ер адам науқас баланың еміне ақша жинаған жасөспірімді қан-жоса етіп ұрып тастаған
Ақтөбеде 14 маусымда ер адам науқас баланың еміне ақша жинаған жасөспірімді теуіп, артынша ұрып тастаған. Алайда не үшін бұлай жасағанын түсіндіріп бере алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап.

Жасөспірім ер адамның жанына келіп, балаға көмек керек екенін, қолынан келгенінше көмектесуін сұраған. Алайда ер адам жасөспірімді теуіп, ұрып тастаған.
Куәгер оқиғаны видеоға түсіріп алған. Жасөспірімнен не болғанын білген соң, ер адамнан не үшін ұрғанын сұраған. Алайда толыққанды жауап ала алмаған.
"Полиция қызметкерлері 31 жастағы ер адамды анықтап, тұтқындаған. Қазір Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Психиатриялық сараптама тағайындалды", – делінген Ақтөбе облысы полиция департаментіндегілер.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі