Ақтөбеде екпені шатастырып салып жіберген медбикенің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Ақтөбеде манту орнына туберкулезге қарсы вакцина салған дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев мәлімдеді.
“Ақтөбе қаласы Алматы аудандық полиция бөлімі манту орнына вакцина салған медицина қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің "Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы" бабы бойынша іс қозғады. Қазіргі кезде қажетті медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу облыс прокурорының бақылауында болады", - деді қалалық прокуратура өкілі.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде медбике екпелерді шатастырып, оқушыларға БЦЖ салып жіберігені туралы айтылған еді. Сонымен қатар Ақтөбеде бір мектептің 42 оқушысына манту сынамасының орнына БЦЖ салып жіберген медицина қызметкерлерінің қателігіне қатысты комиссия құрылды.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды