Ақтөбеде екі жасөспірім суға батып кетті
Ақтөбе облысында екі бала суға батып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 27 мамырда Ырғыз ауданы Құрылыс ауылында болған.
Екі баланың Ырғыз өзеніне батып кеткені туралы ақпарат құтқарушыларға сағат 16:45-те түскен. Балалар бұзау іздеп үйден шығып, қайтып оралмаған. Сағат 18:30-да олардың бірінің денесі судан шығарылды, екіншісі әлі іздестіріліп жатыр. Ұлдардың екеуі де 12 жаста.
Құтқарушылар, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сүңгуірлер мен жергілікті тұрғындар екінші баланы іздеп жатыр.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі