Ақтөбеде бір күн бұрын жоғалып кеткен төрт жасар баланың мәйіті табылды
Ақтөбеде бір күн бұрын жоғалып кеткен төрт жасар Данил Ахуновтың мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ішкі істер министрлігінің ресми сайты жазады.

"Іздеу шараларының нәтижесінде 28 желтоқсанда жоғалып кеткен 2018 жылы туған Данил Ахуновтың зорлықпен өлім белгілері бар мәйіті табылды. Күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды", - делінген жұма күні тараған ақпаратта.
- Атырау облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен 24 жастағы жігіттің денесі табылды
- Қызылордада қатып қалған каналдардың бірінен ер адамның мәйіті табылды
ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі "Жас баланы өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өзге ақпарат жария етілмейді.
Еске салайық, бала Ақтөбедегі Қазанғап көшесіндегі №59 үйдің ауласынан жоғалып кеткен. Іздестіру жұмыстарына полицияның біріктірілген жасақтары, Ұлттық ұлан мен еріктілер жұмылдырылған.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды