Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Лексусті мас күйінде айдап, әйелі полиция қызметкерін қағып кетті": Ақтөбеде бұрынғы депутаттың ұлын қамауға алды

Ақтөбеде танымал кәсіпкердің ұлы "Лексус" көлігін мас күйінде басқарғаны үшін ұсталып, оның әйеліне полиция қызметкерін қағып кеткені үшін қылмыстық іс қозғалып, үйқамаққа алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: andrija nikolic / istockphoto

Мәліметтерге сәйкес, 29 жастағы Бекжан көлік айдап келе жатып, қарсы жолаққа шыққан. Полиция оны тоқтатқаннан кейін, медициналық тексеруден өту үшін жіберілді. Онда оның алкогольдік мас күйде екені анықталды. Тексеруден кейін жүргізуші медициналық мекемеден қашып шығып, әйелімен бірге көлігіне отырған. Әйел полициядан қашуға тырысқан. Алайда оның көлігі жолда полиция қызметкеріне соғылып, оны капотында бірнеше метр бойы сүйреп апарды. Келесі күні құқық бұзушылар полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Әкімшілік сот "Автопарктің" иесінің ұлын 15 тәулікке қамауға алып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасына тартты. Ол сотта мас күйде көлік жүргізбегенін, "Лексуспен" оның ағасының келгенін, ал өзінің такси пайдаланғанын айтты.

Медициналық тексеру кезінде полиция жоқ болғанда, оған алкоголь табылмағанын, ал полицияның қатысуымен тексергенде алкоголь бар деп көрсетілгенін айтты. Алайда бұл дәлелдері сотта расталмады. Ал құқық бұзушының әйеліне "құқық қорғаушыға күш көрсету" бабымен қылмыстық іс қозғалды, ол үй қамақта.  Полиция мәлімдегендей, оның қағып кеткен капитаны зардап шекпеген.

Айта кетейік, құқық бұзушының әкесі Мейіржан Үндіргенов – кәсіпкер, бұрынғы депутат, "Автопарктің" иесі. Бұдан бөлек ол бюджеттік миллиондарды ұрлау туралы даулы істің фигуранты ретінде белгілі. Ол 2015 жылдың маусымында ұсталды, оның үйінен алынған қолма-қол ақша есептеу машинасымен 5 сағат бойы саналған. 

Осылайша оған алаяқтық, ұйымдасқан қылмыстық топ құру, заңсыз қаражатты заңдастыру, бопсалау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Үндіргеновтың бюджеттен 4,5 миллиард теңгені ұрлағаны туралы айыпталды. Бұл қаржы "Автопаркте" жеңілдікпен жүретіндер үшін бөлінген. Тергеу нұсқасы бойынша, "Автопарк" маршруттарының шығыны туралы жалған мәліметтер берген. 2016 жылдың 1 тамызында Ақтөбе соты Мейіржан Үндіргеновті бірнеше бап бойынша ақтады және мемлекетке 900 миллион теңге шығын келтірген алаяқтық үшін 4 жылға бас бостандығынан айырды. 2017 жылдың сәуірінде сот оған амнистия бойынша мерзімін төрттен біріне қысқартты. Сол жылдың жазында ол бостандыққа шықты, қалған мерзімі айыппұлмен ауыстырылды.



Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында "үздік" атанған әкім ішімдік ішіп көшеде жүргені үшін жазаланғанын жаздық. 1 маусымға қараған түні ауыл әкімі Орынбек Насимуллин мас күйінде ауылды аралап жүрген. Оқиға орнына аудан әкімі Талғат Шәкіров пен прокурор келіпті. 2022 жылы Орынбек Насимуллин “үздік ауыл әкімі” болып танылған. Әкімге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 440-бабы "Алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде бару" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 5 АЕК немесе 18 460 теңге айыппұл салынды.

Талқылау