Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында аудан әкімдері 27 миллион теңге бюджет қаржысына қымбат көлік алдырған

Ақтөбе облысында екі ауданның әкімі бюджет қаржысынан 26-27 миллион теңге жұмсап, қымбат көлік алды. Шетелдік жол талғамайтын көліктерге әкімдік мемлекеттік сатып алу арқылы тапсырыс берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото:  Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпенов пен Ырғыз әкімі Нұрлан Қызбергенов

Ақтөбе облысы Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпенов құны 27,6 миллион теңге тұратын көлікке тапсырыс берді. Ақпарат әлеуметтік желіге жарияланды. Онда шендінің президенттің бюджет қаражатын үнемдеу туралы тапсырмасын елемегені жазылған. Жаңа көлік алу туралы ақпаратты аудан әкімдігі растады.

“Көлік келді. Байғанин ауданы 6 миллион 103 мың гектар жер. Ең шалғай ауылдар 300 шақырым болады. Ол жерлерге “Cobalt” көлігімен қалай барамын. Менің машинам 5 ай болды бұзылып тұр”, – деді Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпенов.

Сонымен қатар биыл Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімінің аппаратына да люкс көлік келді. Ырғыз ауданының әкімі Нұрлан Қызбергенов 26,5 миллион теңгеге жаңа көлік келгенін растады.



Екі аудан да жол талғамайтын көліктерді мемлекеттік тапсырыс арқылы алды.

Байғанин Ақтөбе облысындағы аумағы үлкен аудан болса, Ырғыз – облыс орталығынан шалғайда жатқан аудан.

Талқылау