Ақтөбеде арнайы мекеме қызметкерлері балаларды ұрып-соққан
Ақтөбедегі №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қызметкерлер балаларды ұрып соққан. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Прокуратура мәліметіне сүйенсек, оқиға 27 сәуір күні тіркелген. Яғни, жергілікті прокуратураға балаларды ұрып-соғу дерегі түседі. Артынша мекеме камераларын тексеру барысында ақпарат расталған.
"Прокуратура қызметкерлері осы мекемеге қорғаншылық және қамқоршылық органының, Ақтөбе облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының өкілдерімен, полиция қызметкерлерімен және медицина қызметкерлерімен бірлесіп барды. Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу арқылы № 1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінің балаларды ұрып-соғу фактісі анықталды", - делінген хабарламада.
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
