Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде алты баласы бар отбасы су тасқыны кезінде баспанасыз қалғандарды паналатып отыр

Ақтөбе қаласының тұрғыны Әлімбай Смағұлов су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған бір отбасыны паналатып отыр. Үйінің кілтін де беріп қойыпты. Тұрмыстық бұйымдармен, күнделікті тұтынатын заттармен де қамтамасыз еткен.

DSC_4045

Қоңырау шалып хабарласқанымызда кейіпкеріміз: «Алланың разылығы үшін істедім. Қайырымдылықты жария еткім келмейді» деп қарсылық білдірді. Дегенмен, біз адамның адамгершілігі, имани қасиеттері сынға түсер қиын-қыстау кезде жасаған ізгі амал-әрекетінің ел-жұртқа өнеге екенін айтып, әңгімелесуге әрең көндірдік. Сөйтіп, Мәскеу шағын ауданында тұратын Әлімбай Смағұловтың үйіне бардық. Екі үй де бір аулада орналасқан екен, деп жазады Aktobegazeti.kz.

DSC_4033

“Болған жайға байланысты бей жай қарап отыра алмадық. Шамамыз келгенше көмектескіміз келді. Балам Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназияда оқиды. Мұғалімдерге баспанасынан айырылғандарды екі үйімнің бірінде паналата алатынымды айттым. Кеше бір отбасы келді. Екі баласы бар. Олар бір ай болсын, баспаналарын қалпына келтіріп алғанша, осында ақы-пұлсыз тұра береді. Қазір олар үйде жоқ. Әкімдікке шаруаларымен кетті”.

“Бәрі тосыннан болыпты… Таңғы сағат 05.00-де оларды төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ұйқыдан оятып, тез арада үйден шығу керектігін айтқан. Қапылып жүріп, құжаттарының бәрін бірдей алып үлгермепті”, — дейді Әлімбай Смағұлов.

Кейіпкеріміз — алты баланың әкесі. Баласының алды 11-сыныпта оқиды, кішісі күні кеше ғана қырқынан шығыпты.

“Қазір қайырымдылық жасаушылардың қатары көбейіп келе жатыр. Кеше кешкілік бір жігіт келді: «Көмегіміз еді» деп екі сөмке толы азық-түлік әкеліп берді. Шамасы, арнайы құрылған комиссия осы мекенжайды берген болуы керек”, — дейді Әлімбай Смағұлов.

Ол әңгіме арасында өзінің інісінің үйі де суға кеткенін айтты.

“Шүкір, інімнің менің үйімсіз де баратын үйі жетеді. Қалаған туысының үйіне бара алады. Оған да көмектесіп жатырмыз. Ал біздің үйде тұратын отбасы көмекке мұқтаж. Олардың барар жері жоқ”, — дейді Әлімбай Смағұлов.

Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназиядағы тағы бір ата-ана — Нұрлан  Жұмалин су тасқынынан зардап шеккендерге екі үйін беріп отыр. Оның бірінде үш адам, екіншісінде 5 адам тұратын болады.

Тағы да оқыңыз: 

Әкім Сапарбаев резеңке етікпен су басқан ауылдарды шолып шықты (фото)

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен 10 жасар қыз билікке үндеу жолдады (видео)

«Қазсушар» бөлімшесінің басшысы: Судың келуін иіскеп біле алмаймыз

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр