Ақтөбеде 13 жастағы жасөспірімді КамАЗ қағып өлтірді

Ақтөбе облысында 13 жастағы жасөспірімді КамАЗ жүк көлігі қағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Мұғалжардың Қандыағаш қаласында болды. Бала велосипедпен келе жатқан.
Ақтөбе облыстық полция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасынан соң қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Алматыда мопед жүргізушісі полицейді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен
“Алдын ала мәлімет бойынша, КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі артқа шегінгенде велосипед айдап жүрген жасөспірімді соққан. Жасөспірім алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр”, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Алматы облысында көлік жүргізушісі 6 жасар баланы қағып, кейін қашып кеткенін жазғанбыз.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"