Ақтөбеде үшінші қабаттан құлаған 3 жасар қыз комада жатыр
Ақтөбеде көпқабатты үйдің үшінші қабатынан құлап кеткен 3 жасар қыз ес-түссіз жатыр.

Бұл туралы timeskz.kz хабарлайды.
Қыздың анасы терезені ашық күйінде қалдырып кетіп қалған. Содан кейін осы бақытсыз оқиға орын алыпты.
Дәрігерлердің айтуынша, үш жасар қыз өз бетінше терезе жақтауына шығып кеткен. Бірақ, тепе-теңдікті ұстай алмай төмен қарай құлайды.
“Қыз бала көптеген жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазір ол ес-түссіз жатыр. Ал дәрігерлер бүлдіршіннің өмірін сақтап қалу үшін күресуде”, – деді мамандар.
Оқи отырыңыз:
Елімізде жедел жәрдем қызметі науқастарға ауру белгілеріне қарай көмек көрсететін болады
Қатерлі ісіктің дамуының басты 7 себебі
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған
"Қайда жұмыс істейсіз, қанша жалақы аласыз": Қазақстандық ата-аналар мектептердің жеке мәліметтерді сұрауына наразы
Мектептер өткізетін сауалнамалар легі ата-аналар тарапынан түрлі сауал туғызып жатқан көрінеді