Ақтөбе тұрғыны зираттан күтпеген олжа тауып алды
Ақтөбе қаласының Тасөткел ауылының тұрғыны зираттан араб тіліндегі сирек кездесетін басылымды тауып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Жарты ғасырлық тарихы бар кітап жақсы жасырылған, сондықтан өзінің келбетін сақтап қалған.
Сарапшылардың пікірінше, жинақ төрт түрлі кітаптан тұрады. Жақында құзыретті адамдар оларды зерттеуді бастайды.
"Кітаптар - шариғат заңдарының жиынтығы, фиқһ кітаптары. Олар, әрине, біз үшін құнды, өйткені XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басына жатады. Олар 1963 жылғы газетке оралған - бұл, әрине, кеңестік кезең. Асығыс жасырған, бірақ бүгінге дейін сақталған. Атеизм дәуірі, түсінесіздер ғой, адамдар мұндай кітаптарды үйде ұстаудан қорықты", - деді Ақтөбе облысының тарихи-өлкетану музейі қорының бөлім меңгерушісі Ләззат Нұркеева.
Ғалымдар қорытынды шығарғаннан кейін тарихи олжа "Руханият" мұражайында құрметті орынға ие болады.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"