Ақтөбе тұрғындары 27 миллион теңгеге салынған қағаз ұшаққа ұқсайтын нысанға шағымын білдірді
Ақтөбеде қағаз ұшақ түріндегі қондырғының пайда болуы жергілікті тұрғындар арасында дау тудырды. Олар бұл идеяны ақылға қонымсыз әрі қаржыны бос шығындау деп есептейді. Себебі 5х7 метрлік металл өнер нысанына бюджеттен 27,7 миллион теңге бөлінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбеліктер өңірде бұдан да өзекті мәселелердің барын айтып, ашық аспан астындағы авиациялық саябақтың қирауына әкімдікті кінәлады.
Астана ауданы әкімдігі тұрғындарға жауап ретінде осы өнер нысанын салып берген. Олардың пікірінше, кішігірім архитектуралық пішіндер қала дамуының белгісі саналады.
Ал жалпы алғанда, кішігірім архитектуралық пішіндерді жасап шығу оңай жұмыс емес. Сондай-ақ бұл жұмыс қолдан жасалған. Мұндай жобаларды мамандар мен шығармашылық адамдары комиссия құрамымен бірлесіп таңдайды. Шамасы бұл өнер нысанын салуға бөлінген қаржының ақталғанын және оған шенеуніктердің қатысы жоғын білдірсе керек.
18 миллион теңгеге салынған қондырғыны жел ұшырып кетпес үшін ұшақтар қосымша кабельдермен бекітілді. Барлық жұмысты жеткізуші "DiMadCompany" компаниясы атқарды. Ал қала орталығындағы авиация мұражайының жәдігерлері жойылып барады. Пайдаланудан шығарылған тоғыз ұшақ пен бір тікұшақ кезінде әуе қорғаныс күштерінің жергілікті әскери институтына тиесілі болған. Әскери университет мұражайға үлкен мерекелерде кіруге мүмкіндік берді. Бірақ бір-екі жыл бұрын техника қалаға беріліп, билік онда ұшақтар мен тікұшақтарды көрсететін авиапарк құру туралы шешім қабылдады.
Бұл жобаға 133 миллион теңге бөлінді. Ал өткен жылы жеткізуші компания "МегаСтройСпектр" барлық жұмысты аяқтауы керек еді
Бірақ мердігерді жосықсыз жеткізуші деп тануға тырысқан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі әлі күнге дейін пайдалануға берілмеді.
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты