Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектеп директорлары қасиетті жерлерге барар жолда қаза тапты: Ақтөбе облысында болған жол апатының егжей-тегжейі айтылды

Ақтөбе облысындағы тас жолда мектеп директорлары мінген көлік аударылып, екі адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жәбірленуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Диапозон” басылымының мәліметінше, полицияға 19 маусым күні сағат 20:20-да Қобда-Ойыл жолының 156 шақырымында көлік аударылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Салонда 4 әйел болған.

"Тойота Ленд Крузер Прадо" джипі Ойылдан Қобдаға қарай бет алды. Жүргізуші рульді басқара алмай,  машина аударылды. Нәтижесінде жүргізуші мен бір жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, тағы екі жолаушы бірнеше жарақатпен Ойыл аудандық орталық ауруханасына жатқызылды”, – деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

"Менің қалам" порталының ақпараты бойынша, көлік салонында жүргендердің барлығы – Ақтөбе мектептерінің директорлары.

“№20 мектеп директоры Бағдат Өрінбаева мен № 33 мектеп директоры Әлмира Орақова апаттан қаза тапты. №25 мектеп директоры Шолпан Баяділова мен жаңа орта мектеп директоры Ақгүл Қисықова ауруханада жатыр”, – деп жазды басылым.

“45 жастағы әйелде жабық бас сүйек-ми жарақаты, бас миының соғылуы, самай сүйегінің сынуы, бұғана жабық сынуы, қабырғаның сынуы, жырықтар, ІІ-ІІІ дәрежелі травматикалық шок бар. Екінші әйел, ол да 45 жаста, жабық ми жарақаты, ми шайқалуы, , бұғана жабық сынуы бар”, – деді Облыстық денсаулық сақтау басқармасында.

Әріптестерінің сөзінше, мұғалімдер Ойыл ауданындағы қасиетті орындарға бара жатқан.

Талқылау