Ақтөбе облысындағы ауылда газ құбырындағы өрт салдарынан 200-ге жуық үй газсыз қалды
Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы Қаратал ауылының маңында газ құбыры өртенді. 20 градустық аязда 200-ге жуық үй газсыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облысы әкімдігінің айтуынша, газ құбырындағы өрт 17:15-те басталды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жіберілді. Қараталға баратын газ құбырын өшірген соң өрт сөндірілді.
"Ойыл газ мекемесінің қызметкерлері тұрғындарға газ беруді қалпына келтіріп жатыр", – деп хабарлады әкімдік.
Қараталда 1182 адам тұрады. Шенеуніктердің айтуынша, ауылдағы әлеуметтік нысандар жылуды жарықтан алады.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі