Ақтөбе облысында жеңіл көлік мен жүк көлігі соқтығысқан: Төрт адам қаза тапты
Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Апат 6 шілдеде Шалқар ауданының аумағында Самара-Шымкент автожолының 1235 шақырымында болған. Hyundai Sonata көлігінің 34 жастағы жүргізушісі IVECO Magirus жүк көлігімен соқтығысты.
Жүргізуші және 20 мен 23 жастағы үш жолаушы мерт болды. ҚК-нің 345-бабы, 4-бөлігі "Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.
Үш баласы да АҚШ университеттеріне түскен қазақстандық әке бала тәрбиесіндегі 15 қағидасын атады
Әкесі: “Кәмпит, балмұздақ, тәтті жемейді, теледидар көрмейді, смартфонға да уақыт шектеулі”
"Соғысқа жіберуге 3 күн қалды": Ресейде жүрген қазақстандық жігіттер көмек сұрады
Олар 10-нан астам күннен бері қайта алмай отыр