Ақтөбе облысында үш айлық нәресте коронавирус жұқтырып алды
Кеше Ақтөбе облысында екі адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Олардың біреуі - үш айлық сәби, деп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, баланың анасы жедел респираторлы вирустық инфекция белгілеріне байланысты дәрігердің көмегіне жүгінген.
"ПТР зерттеулерінің қорытындысы бойынша нәрестеге COVID-19 диагнозы қойылған. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жалғасады", - делінген хабарламада.
Ақтөбе облысында барлығы 3244 адам коронавирус жұқтырған. Науқастардың 97,7 пайызы жазылып шықты.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр