Ақтөбе облысында тікұшақ апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты (видео)
Ақтөбе облысында тікұшақ апатқа ұшырап бір адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТЖМ
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы. Ол оқу-жаттығу ұшуын орындаған.
Бортта үш экипаж мүшесі болды. Экипаж мүшелерінің бірі қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіледі.
"Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі-техникалық ақаулық. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деді ведомство
Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмыс істейді.
"Қарулы Күштердің басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметкердің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оның туыстарына, сондай-ақ зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"