Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үйлер салынады
Үйлерін су басқан Қобда ауданы Қобда ауылының тұрғындарына 24 жаңа үй салынады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тиісті тапсырманы Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қобда ауданына жасаған сапары барысында берген.
Жалпы алғнада 13 наурыздан бері Қобда ауылында еріген су 79 үй мен 22 ауланы басып қалды. Зиянды бағалау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, 3 үйді қалпына келтіру мүмкін емес, 4 үй апатты деп танылған және 17 жеті үй әлі су астында.
- Ақтөбе облысының тұрғындары су тасқыны салдарынан эвакуацияланып жатыр
- Ақтөбе облысының Ойыл ауданында 105 тұрғын эвакуацияланды
Жалпы, су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Ақтөбе облысы бойынша 390 мың текше метрден астам су сорылды, 26,1 шақырым арық тазартылды, 24 мыңнан астам инертті материал салынған қап төселді, ұзындығы 175 метр уақытша бөгет салынды, ұзындығы 500 метр жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Облыс бойынша елді мекендерден шамамен 525 мың текше метр қар шығарылды. Ақтөбеде Сая тұрғын алабынан жоғары және Қарғалы ауданы Петропавловка ауылында 200 метр су бұру каналы қазылды.
Қазіргі таңда Қобда ауданының Қобда ауылында 51 тұрғын үйден су айдау жұмыстары жалғасып жатыр. 74 адам уақытша эвакуациялау пункттеріне, 230 адам туыстарының үйіне орналасқан.