Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында шенеуніктер 672 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Ақтөбе облысында Мұғалжар аудандық құрылыс бөлімінің басшысы мен аудандық мәслихат депутаттарына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мұғалжар аудандық құрылыс бөлімінің басшысы мен аудандық мәслихат депутаттарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған тұрғын үй түріндегі 70 пәтерлі жатақхананы сатып алу арқылы 672 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. 



Тергеу соты күдіктілерге қамауға алу және үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялады. Тергеу аясында күдіктілердің жалпы құны 640 миллион теңгеден астам қаржысы мен түрлі мүлкі тәркіленді.

Сонымен қатар тергеу аясында 359 миллион теңге материалдық шығын ерікті түрде ішінара өтелді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда экология саласындағы бірқатар шенеуніктер пара алды деген күдікке ілінген еді.

Талқылау