Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған науқасқа ота жасады
Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған жағдайы ауыр науқасқа ота жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы, облыс бойынша 2 науқастың жағдай ауыр екені анықталған.
"Індетке шалдыққан бір науқастың жүрек ырғағы күрт бұзылып, қосымша ем қабылдауға тура келді. Жүрегіне ота жасалып, жасанды ритм жүргізілді. Науқастың жағдайы тұрақты ауыр. Аритмолог, кардиореаниматологтар тағайындаған ем қосымша жүргізіліп жатыр. Тағы бір насқас бұрын қант диабеті, тыныс алу жетіспеушілігіне шалдыққан. Кешенді ем нәтижесінде екеуінің жағдайы тұрақтанды. Тағы екеуінің халі - орташа ауыр, өзгесінің денсаулығы бірқалыпты", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.
Айта кетейік, облыс бойынша провизорлық, инфекциялық, карантиндік госпитальде 758 адам оқшауланып, ем алып жатыр.
"Балаларының көзінше ұрып, атынан 2 миллион теңге кредит алған": Шымкенттік ер адам әйелін соққыға жықты деп айыпталды
Әпкесінің сөзінше, осы күнге дейін шеккен азабын сіңілісі жасырып келген
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді