Ақтөбе облысында биыл 25 балабақша ашылады
Ақтөбе облысында 2024 жылдың соңына дейін 2500 орындық 25 жаңа балабақша ашу жоспарлануда.

Білім басқармасының мәліметіне сәйкес, 2023 жылы облыста 31 жаңа балабақша ашылды, онда 3,1 мыңнан астам орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды.
Нәтижесінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 89,8%, 2 жастан 6 жасқа дейін – 93,1%-ға жетті.

Есепті кезеңде 177 балабақшаның материалдық-техникалық базасы жаңартылды, биыл 140 балабақшаны жабдықтау жоспарлануда.

Сонымен қатар білім басқармасының мәлімдеуінше, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 6 000 бала 1 қыркүйектен бастап балабақшаларда тегін тамақпен қамтамасыз етілетінін хабарлады.

Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі