Ақтөбе облысында бес адам жол апатынан көз жұмды
21 тамызда Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қандыағаш қаласынан Кеңқияқ ауылына бет алған Lada Largus көлігінің 40 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Апат Покровка – Жаңажол тасжолының 54-шақырымында болды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы көз жұмды, олардың біреуі бала. Тағы бір адам орталық аудандық ауруханада көз жұмды. Сонымен қатар 5 адам ауруханаға жатқызылған (олардың үшеуі кәмелетке толмаған).
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған