Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында 12 адам қар құрсауында қалып қойған

Ақтөбе гарнизонының әскери қызметкерлері әскери автомобиль полициясы мен төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірге 12 адамды қар құрсауынан құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

қар

"Төтенше жағдайлар департаменті Ақтөбе гарнизонының бастығы полковник Руслан Кутеповке Алға-Қарабұлақ тас жолында тұрып қалған автокөліктерді қар құрсауынан шығаруға көмек көрсетуді өтінді. Құтқару операциясын өткізу үшін жеке құрам мен арнайы техника бөлінді", - деді Ақтөбе гарнизонында.

Құтқару шарасы кезінде Алға-Қарабұлақ тас жолының он жетінші шақырымында жолдан арыққа шығып кеткен жол талғамайтын көлік және Камаз көлігі табылды. 

Онда Амангелді ауылынан Алға қаласына бара жатқан 12 адам болған. Олар дауыл туралы ескертуге қарамастан жолға шыққан.

Құтқару тобы келген кезге дейін вахташылар трассада 5 сағаттан астам уақытын өткізген. Өздігінен қар құрсауынан шығу әрекеті сәтсіз болған. 

Ұйымдастырылған шаралар нәтижесінде вахталық Камаз және жол талғамайтын көлік трассаға шығарылды. 

"Біз көліктер өздігінен жүре алатындығына сенімді болдық, зардап шеккен жолаушылар жоқ және ары қарай жүріп кетті,  өйткені көлік жүргізушілерінің айтуынша, қарт адамдар мен балалары бар тағы бір көлік оқиға орнынан жеті шақырым жерде тұрып қалған, бірақ олар бақытымызға орай кюветтен өз бетімен шыққан", - деді ально-техникалық қамтамасыз ету бойынша бірінші мотоатқыштар батальоны командирінің орынбасары майор Қанатбек Шаймерденов.

 

 

 

Талқылау