Ақтөбе маңында қаңғыбас иттер тұрғынның үй құстарын қырып тастаған
Ақтөбе қаласының маңында қаңғыбас иттер құстар мен жануарларға шабуыл жасауда, деп хабарлайды Хабар 24 арнасына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақжар-1 ауылында иттер жиырма шақты тауық, қаз, күркетауықты қырған. Таңертең иттердің үргенін естіген Салиха Күзенова аулаға шығып, қаңғыбас жануарлар үй құстарын шабуыл жасап жатқанын көрген.
Әйелдің айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет орын алып жатқан жоқ. Қойларға да шабуыл жасалған.
Сондықтан ауыл тұрғындары шара қолдануды талап етуде.
“Не істерімді білмеймін. Жаңа ұстатарлық жағдай! Оған дейін қаншама адамы қауып алған. Жаман нәрсе болғанша жүре беру керек пе? Олар адамға да шабуыл жасайды”, – деді Ақтөбе қаласының тұрғыны Салиха Күзенова.
"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңның 15-бабының 4-тармағына сәйкес қаңғыбас иттер адам өміріне қауіп төндірсе немесе үй жануарларына шабуыл жасаса, олардың жойылуына жол беріледі. Ол үшін тұрғындар учаскелік инспекторға арыз жазуы керек”, – деді Ақтөбе облысының ветеринария басқармасының басшысы Шахидолла Рахымов.