"Ақтөбе" футбол командасы Қазақстан Премьер Лигасының көшін бастады
"Ақтөбе" 12-турдың кейінге қалдырылған ойынында түркістандық "Тұран" құрамасын жеңіп, ҚПЛ-дың көшін бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түркістандағы ойын 0:2 есебімен аяқталды. Кездесудің 34-минутында қарсыластар құрамынан алғашқы голын Француз легионері Уго Видемон соқты.
76-минутта Темірлан Ерланов екінші голды соққан, алайда оған пас берген Юрий Логвиненко офсайдта қалып қойғандықтан, гол есепке алынған жоқ.
Артынша екі минуттан кейін қонақтар соңғы допты соқты. Ресейден келген Сердер Сердеров есепті еселеді. Ал ойынның қалған уақытында есеп өзгерген жоқ.
Осылайша, "Ақтөбе" 29 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орынға шықты. Екінші орында 27 ұпаймен "Астана", ал үздік үштікті 26 баллменн "Ордабасы" құрамасы түйіндеп тұр.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған

