Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақтөбе" футбол клубы италиялық шабуылшыны қатарына қоспақ

Румыниялық ФКСБ-ның (бұрынғы "Стяуа") италиялық шабуылшысы Андреа Компаньоға Қазақстандағы "Ақтөбе" футбол клубы қызығып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Gsp.ro сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Gsp.ro сайтының хабарлауынша ,"Стяуа" Қазақстан клубының ұсынысын қабылдап үлгерді, ойыншымен келісімге келу ғана қалды.

Румыниялық клуб Компаньоны 500 мың еуроға сатқысы келгені, бірақ жеңілдік жасағаны атап өтілді. 250 мың еуроға қосымша бонустар және кейінгі қайта сатудың 20%-ы кіреді. Мәміленің жалпы сомасы 350 мың еуроға бағаланып отыр.

Шабуылшының Ақтөбедегі жалақысы бонустарды қосқанда айына 400 мың еуроға тең болады. 

Осы маусымда Компаньо барлық жарыста 23 матч өткізіп, 4 гол соқты. Transfermarkt италиялық шабуылшыны 2,3 миллион еуроға бағалап отыр. Оның ФКСБ-мен келісімшарты биыл маусымның соңында аяқталады.

Бұған дейін румыниялық БАҚ айына 20 мың еуро жалақы алатын Андреаның ФКСБ қожайыны Джиджи Бекалидің көңілінен шықпай, осы қыста кететінін хабарлаған. Сондай-ақ Бухарест клубы футболшы үшін 1 миллион еуро алуға үміттеніп отыр.

Талқылау