Ақтөбе әкімдігі 80 миллион теңгеге жуық қаржыға электромобильдер сатып алу туралы шешім қабылдаған
Ақтөбе облысының шенеуніктері әрқайсысының бағасы 40 миллион теңгеге жуық екі электромобиль сатып алуға шешім қабылдаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айтуларынша, қымбат көлікпен шенеуніктердің өздері емес, жоғары дәрежелі қонақтар жүреді.
"Олар шетелдік делегацияларға, инвесторларға арналған, өйткені Ақтөбе облысына жақында шетелдік инвесторлар көп келеді. Ақтөбе облыстық әкімдігінің автопаркі 2018 жылдан бері жаңартылмағандықтан. Бұл – экологиялық таза, айталық, қоршаған ортаны ластамайтын көлік. Электромобильдерді сатып алу туралы шешім қабылданды", – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық әкімдігі Іс басқармасы басшысының орынбасары Тимур Рыскелдин.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды