Актер Сәбит Әбдіхалықов үш әйелінен туған балаларының басын қосты
Танымал актер әрі режиссер Сәбит Әбдіхалықов үш әйелінен туған балаларын бір шаңырақ астына жинады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/sabit_abdykalykov
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында балаларымен түскен суретін жариялады. Суреттен актердің бірінші әйелі Айгүл Иманбаевадан туған баласы Асылжанды, Алтынай Жорабаеваның екінші қызы Айнара мен үшінші әйелі Динарадан туған екі ұлын көруге болады.
“Ораза қабыл болсын! Аллаға сансыз шүкір. Асылжан, Айнара, Хақназар, Абадан Абдумулиевтер”, – деп жазба жариялады Сәбит Әбдіхалықов.
Желі қолданушылар арасында актердің бұл әрекетін қолдағандар қатары көп.
“Сәбиттің тағдыры солай болған шығар”, “Кіші әйелінің ақылдылығы ғой”, “Бастысы баурлар бір-бірімен араласса болды”, “Сәбит пен әйелі жаман болса бұл шаңыраққа ешкім бас сұқпас еді”, “Айгүл мен Алтынайды көргендей болдым”, – деп жазды желідегілер.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі