Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаулық әйелді 11 жерінен жарақаттаған кәріс дәрігері одан кешірім де сұрамаған

Жарасының жанға батқаны Бақыттың жүзінен-ақ байқалады. Дәрігерлер мұның жазылған кезі екенін айтып жатыр. Дегенмен шұрық жараны көрген кезде кімнің болсын зәресі кететіні анық. Келіншек кәріс дәрігерлерінен ақшасын емес, аяғын қайта емдеп беруді талап етіп отыр. Ал олар өз кезегінде кешірім де сұрамай, Бақытжан ханымның өзін айыптаған.

льо

Бұл туралы «Пендеміз ғой» бағдарламасында айтылды.

«Өзім Ақтау қаласынан келіп отырмын. Осы жағдай қолымнан басталды. Бір күні қолым сырқырап ауырып ұйықтай алмай шықтым. Осылайша интернет арқылы Корея медицина орталығын таптым. Қағазында олардың дипломдары бар маман екендері жазылған. Іштей қолым инеден емделетіндей болып тұрды. 22 наурыз күні осы орталықтың дәрігеріне бардым. Ол кісі қолыма салқын тиіп қалғанын айтып, денемнің белгілі бір бөлігін емдеуден ғана бас тартты», – дейді Бақытжан Салықова.

Бақытжан ханымның сөзін құрбысы жалғады. Жағдайдың қалай болғанын толығырақ айтып берді.

«Бұл кісі Ақтаудан Астанаға арнайы келді. Бірнеше айдан бері осы жерде емделіп жүр. Жұмыс бабымен ағылшын тілін де үйреніп жүр. Білімсіз деп айтуға болмайды. Заң саласында білім алған. Осы уақытқа дейін басқа орталықтарда инемен ем қабылдап көрген. «Неге дәл осы орталыққа барды?» деген ой туындап отырған шығар. Жарнамасы керемет болған соң, сеніп қалып отыр. 9 күн емге 180 мың теңге төлеген. Емі дұрыс болмай қалған кезде, бұл ақшаны қайтаруды талап еткен де жоқ. Әлгі әйелі өзін дәрігер сезінгісі келген екен. Сөйтіп құрбымның 11 жеріне жара салған. Артынша «Неге шыдап жата бергенсің? Ауырғаннан кейін бірауыз айтпайсың ба?» деп құрбымның өзіне ұрысып тастаған. Бақытжан басында денесінің қатты ауырып жатқанын айтқан. Олар өз кезегінде кешірім де сұрамай қуып шыққан. Ал Бақыт олардан ақша талап етіп отырған жоқ. Тек қайтадан емдеп берсе екен деген ниетте», – дейді құрбысы Ләззат Тиішбекқызы.

Дәрігерлер кешірім сұрамағанымен қоймай, Бақытжан ханымнан тағы да емге ақша сұраған. Келіншек осы сөздерден кейін қатты ашуланғанын айтып жатыр.

«28 наурыз күні емнің жетінші күні болды. Дәрігер маған инені қойып, өзі миграциялық полицияға кетіп қалған. Құжаттарының қаншалықты дұрыс, дұрыс еместігін мен білмеймін. Жұбайы солай айтты. Артынша дәрігердің жұбайы Татьяна Петровна маған ем жасады. Мен күйгенін білмей жата бергем. Артынша аяғым қызарып, іріңдеп кеткен. Күйген жердің үстіне бетке арналған май жаққан. Бірінші сәуірде қайтадан емдейтіндерін айтты. Бірақ он күндік емнің 50 пайызын төлеуімді талап етті», – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық әже 6-қабаттан түнгі клубтың шуылын еститінін айтып налыды

Бірден үш қызға үйленген елордалық жігіт жұртты дүрліктірді (видео)

Халыққа 10 сотық жер беру мемлекеттік мұқтаждыққа жатқызылмақ

Алматыдағы университет жатақханасында көз жұмған студент жер қойнына тапсырылды

Талқылау