Ақтаулық тұрғынды қоқиқаздарды видеоға түсіргені үшін жазаламақшы болды
Каспий маңында тұратын ақтаулық Азамат Сәрсенбаев бір топ қоқиқазды видеоға түсіріп алған. Қоқиқаздар Маңғыстау облысындағы Қаракөл көліне ұшып келген. Әсерлі шыққан видео әлеуметтік желілерде оқырмандар ықыласына бөленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Дәл осындай сәттер үшін өз елімді жақсы көріп кетемін", - деп жазды Азамат Сәрсенбаев Facebook-тегі жазбасында.
Ақтау тұрғыны түсірген видеосы үшін оқырандардан көптеген пікір алды. Азамат түсірген видеосы Қазақстанның шет елдердегі елшіліктері мен шетелдік ақпараттық агенттіктерге тарағанын хабарлады. Сондай-ақ Russia Today халықаралық жаңалықтар агенттігі де қызығушылық танытыпты.
"RT-жаңалықтар порталы, қоқиқаздар видеосы үшін ақша ұсынды. Маңғыстау жайлы жазған жазса, тегін беретінімд айттым", - дейді Азамат Сәрсенбаев.
Алайда, Ақтау тұрғынының бұл еңбегін бағаламағандар да бар. Азамат Сәрсенбаев орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қызметкерлері жауапкершілікке тартатынын хабарлады. Ер адамға бөлімге келуді талап ететін хабарлама келіпті.
"Қоқиқаздарды түсіргені үшін жауапкершілікке тартатын ҚР әкімшілік кодексінің бабын таппадым. Түсініктемені жаздым. Енді олар менімен жеке кездескісі келеді. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қызметкерлеріне сұрағым - Неге үнсіз отырсыздар", - деп жазды Сәрсенбаев.
Шамалы уақыт өткен соң, Азамат Сәрсенбаев Facebook-те айыппұл мәселесі аяқталғанын, тек профилактикалық әңгіме жүргізбекші екенін хабарлады. Ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 378-бабын (өсімдіктер өсетін жерлер мен жануарлардың тіршілік ету ортасын қорғау ережелерін, Зоологиялық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу және пайдалану ережелерін бұзу, сондай-ақ жануарлар түрлерін заңсыз көшіру, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру ережелерін бұзу) бұзғаны анықталғаны белгілі болды.
"Оқиғаға объективті түрде қарайтын болсам, өз әрекетімді дұрыс деп санамаймын. Өйткені, осы іс-әрекетіммен қызыл кітапқа енген құстардың тыныштығын бұзғанымды, осы видеодан кейін басқа адамдарда оларға қызығушылығы артатынын түсіндім. Бірақ, егер қызыл кітапқа енген құстар қорғалған болса, егер біз осы әдемі тіршілік иелерін одан әрі таңдандырғымыз келсе және оларды мазаламасақ, онда оларды қорғау және қауіпсіз бақылау үшін неге жағдайлар жасалмады. Мен қорық бойында бірде-бір ескерту белгісін немесе тақтайшаны, көлдің периметрі бойынша бірде-бір ақпараттық стендті көрмедім. Оларды іліп қою қиын ба? Егер мен ескерту белгісін көрсем, дронды шығармас бұрын мың рет ойланар едім!" - деп мәлімдеді Ақтау тұрғыны.
Оқырмандардың көбі әділетсіздік орын алғанын жарыса жазып жатты.