Қазақстандық әйел үйдің кіреберісіне кір жайғаны үшін айыппұл арқалады

Фото: Ақтау ПД
Ақтауда үйдің кіреберісіне жуылған киімдерін іліп қойған әйелге хаттама толтырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақтауда 32Б ықшам ауданы, 8-үйдің тұрғыны кірді кіреберіске жайып қойғаны үшін жазаланды. Киімдердің арасында тіпті әйелдердің іш киімі де болды.
Әйелге Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабы “Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу” бойынша хаттама толтырылды.
Кір жаю – қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу болып табылады. Бапта жеке тұлғаларға ескерту немесе 20 АЕК (78 640 теңге) айыппұл салу қарастырылған.
Еске салсақ, атыраулық ер адам балаларды көліктің артына байлап ойнатқаны үшін жауапқа тартылған еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған