Ақтаудағы мектептердің бірінде 8 егіз мектеп табалдырығын аттады
Ақтау қаласындағы №12 жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына сегіз егіз барған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Егіздердің көптігі білім күніне арналған салтанатты жиында көпшіліктің таңданысын тудырған.
"Біздің мектепте мұндай жағдай болған жоқ. Егіздердің көптігі мұғалімдерімізге оларды ажыратуға, бастапқыда тануға қиындық тудыруы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе бір-бірімізге үйренісіп кетеміз. Оқушылардың қадамына сәттілік тілеймін", – деді мектеп басшысы Жанат Анисова.
Ал мектепке алғаш қадам басқан егіздердің бірі – Мирас пен Диас Мурадовтар сол білім ордасының алғашқы қоңырауын соғып, достарын мерекемен құттықтады.
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады