Ақтауда жолаушы такси жүргізушісін өлтіріп, өзі ауруханаға түсті
Ақтау іргесіндегі "Адай" базасының аумағында жолаушы такси жүргізушісін өлтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Freepik.com
Полицияның мәліметінше, такси жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал туындаған. Салдарынан жолаушы такси жүргізушісін өлтірген. Жолаушының өзі де пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.
Облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметі науқастың 22 мамыр күні іш қуысының пышақ жарақатымен түскенін хабарлады.
“1979 жылы туған науқасқа кеше сағат 22:20-да шұғыл ота жасалды. Науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр”, – делінген хабарламада.
“Екі мейірімді жан жолықты”: Жолаушы мен такси жүргізушісінің видеосы көп жүрегін елжіретті (видео)
Облыстық полиция департаменті кісі өлтіру фактісін растап, тергеуді бастады.
“Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Күдіктінің өзі жараланғандықтан, қазір ауруханада жатыр. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды”, – делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін мүмкіндігі шектеулі такси жүргізушісін балағаттаған астаналық тұрғын 15 тәулікке қамалғаны туралы жазған едік.