Ақтауда үш баласын қатыгездікпен өлтіріп, сотталған азаматтың апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады
Ақтауда үш баласын аса қатыгездікпен өлтірген ер адамның сот үкіміне берген апелляциясы қанағаттандырылмады. Маңғыстау соты азаматтың шағымын қанағаттандырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкімді облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қарады. Мұнда сотталушы мен адвокат соттың үкімін жойып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Ер адамның өзі 3 кішкентай баласын аса қатыгездікпен өлтіргені үшін кінәлі деп танылды.
Бірінші сатыдағы сотта ол лауазым атқару құқығы мен бас бостандығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалған.
"Үкімді өзгертуге немесе жоюға негіз жоқ. Осыған байланысты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылды. Апелляциялық шағымдар қанағаттандырылған жоқ", - делінген ресми хабарламада.
Еске салсақ Ақтауда үш баласын бауыздап өлтірген әке туралы хабарлаған едік.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"