Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда тұрғындар ауыз судың болмауына байланысты наразылыққа шығып, жолды жауып тастады (видео)

Ақтауда №19 шағынауданының тұрғындары бірнеше күн бойы пәтерлерінде ауыз судың болмауына байланысты наразылыққа шығып, жолдарды жауып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Lada.kz

Ақтау әкімдігінің мәліметінше, 11 маусымда, №23, 19 шағынауданның ауласында үйлерде ауыз судың болмауы мәселесі бойынша жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жиналған. 

Тұрғындардың айтуынша судың қысымы тіпті екінші қабатқа да жетіспейді. Олар қанша шағым жасаса да, құр уәделер нәтиже бермеген. Шарасыздықтан жергілікті жұрт мәселеге назар аудару үшін жолды жауып тастаған.

Кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері, қала әкімі және коммуналдық қызмет өкілдері келді. Қала әкімі Ұлықбек Тналиев пен ҚЖА басшысы да болды.

Ал Маңғыстау облысы полиция департаментінің қызметкерлері жол бөлігін босатып, адамдардан жол жиегіне көшуді сұрады. Осылайша қозғалыс қалпына келтірілді.



"Қала әкімі, Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің, Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің жауапты қызметкерлері және "Каспий жылу, су арнасы" МКК басшылығы тұрғындармен сөйлесіп, крандарда судың болмау себебін түсіндірді. Уәкілетті тұлғалар тарапынан түсіндіру жұмыстарынан кейін барлық тұрғын үйлеріне тарады. Бүгін "Каспий жылу, су арнасы" МКК ауыз судың көп жұмсалуына байланысты ЦВС-4-тен қысым сағат 19.00-ге дейін уақытша төмендеді", – деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

 

Талқылау