Ақтауда Rixos қонақүйі маңында жұмысшылар арасында жанжал шықты
Rixos Water World Aktau қонақ үйінің жанында салынып жатқан нысан жұмысшыларының арасында жанжал шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі "Лада" сайтына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Полицияның ақпаратынша, 29 маусым күні кешке, сағат 19:20 шамасында құрылыс алаңында жұмысшылар арасында жанжал болған.
Кәсіпорынның қауіпсіздік бөлімі мен құрылыс алаңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін полиция қызметкерлері жұмысшылар арасындағы дауды реттей алды.
Оқиға орнында күзет және жергілікті полиция қызметі басшыларының қатысуымен профилактикалық шаралар жүргізілді.
Факт бойынша тараптардан шағым түскен жоқ.
Қазір жағдай бақылауға алынды.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған
