Ақтауда Ресейдің бас консулдығы ашылмақ
Ақтауда Ресейдің бас консулдығы ашылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Ақордада Ресей президенті Владимир Путинмен шағын құрамдағы келіссөз барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Мемлекет басшысы екі елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың кеңейіп келе жатқанына тоқталды.
"Биыл Ресей аумағындағы Қазақстанның өкілдік желісі Екатеринбургтағы бас консульдықпен толықты. Қазақстанның бас консульдығы Санкт-Петербургта ашылды, Қазанда, Астраханда, Омбыда табысты жұмыс істеп тұр. Таяу уақытта Ақтауда бас консульдық ашу жоспарланған", – деді Тоқаев.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы