Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда полиция ұстау кезінде аяусыз соққыға жығылған ер адамға қатысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облыстық полиция департаменті Ақтауда ер адамды ұстау кезінде аяусыз соққыға жыққан полицейлерге қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Бұған дейін желіде тараған видеодан ер адамды полицейлердің бірі ұстап тұрғанын, ал екіншісінің басынан жұдырықпен ұрып, тепкенін көруге болады. Облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға түсініктеме беріп, ұсталған ер адамның сол күні түнде үйіне келіп, ата-анасы мен әйелімен жанжал шығарғанын айтты. 


"Ұлымызбен кездесуге шектеу қоймады": Жамбыл облысында соққыға жығылған сарбаздың анасы баласының жағдайы туралы айтты


"Ер адам үйіне келген жедел жәрдем қызметкерлеріне бағынбаған, содан кейін жедел жәрдем полицияны шақырған. Бұрын сотталған ер адам полицияға белсенді физикалық қарсылық көрсеткен. Осыған байланысты заңсыз әрекеттердің жолын кесу және құқық бұзушыны ұстау кезінде полиция қызметкерлері физикалық күш қолданған", – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Сондай-ақ полиция департаменті, билігін және қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін желіде ақтаулық полицейлердің ер адамды зорлықпен ұстағаны түсірілген видео тарағаны туралы жазған едік. 

Талқылау