Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда өзіне қол жұмсаған оқушы ісі: Мектеп директоры, екі орынбасары және сынып жетекшісі жұмыстан қуылды

Ақтауда №4 мектеп-гимназиясының 8-ші қабатынан секіріп, өзін өлтірген Мәдина Нарембаеваның сынып жетекшісі, сондай-ақ тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Ақтауда өзіне қол жұмсаған оқушы: Мектеп директоры, екі орынбасар және сынып жетекшісі жұмыстан қуылды

2018 жылдың  алтыншы сәуірінде болған оқиғадан кейін қаза тапқан қыздың ата-анасы оқушының өліміне сынып жетекшісін айыптады. 24 сәуір күні орыс тілі пәнінің мұғалімі Нина Вареник, сондай-ақ тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары Наталья Висханова және Валентина Малых жұмысынан босатылды.

Қайғылы жағдайдан кейін №4 мектеп-гимназиясының директоры да дереу қызметінен кетті.

«Оқушының өлімі – үлкен қайғылы оқиға. Мен мектеп ұжымының Мәдинаның өліміне ешқандай қатысы жоқ деп ойлаймын. Біз жауапты адамдар ретінде балалардың осындай оқиғаларға ұшырауына жол бермеуіміз керек. Біз осы үшін жұмыс істейміз. Мектеп әр баланың екінші үйі, сондықтан  кез-кезген оқушыға ыңғайлы болуы тиіс. Осыған байланысты директордың  тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен марқұмның сынып жетекшісін жұмыстан шығардық», – деді №4 мектеп-гимназиясының жаңа директоры Жанаргүл Жұмашева.

Оның айтуынша, мұғалімдер өз міндеттерін дұрыс атқармады, яғни тәрбие жұмысында кемшіліктер болған.

Қазір бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде және сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Тағы да оқыңыз:

Мемлекет жалған сертификатпен білім алған студенттерге қанша қаражат жұмсады

Жаңаөзенде 16 жастағы жасөспірімнің үстіне бензин шашып, өртеп жіберген

Алматылық таксист әйел жолаушыларды қылқындырып, өлтіре жаздаған

Қазақстандық «Ник Вуйчич» белгілі спортшы Марадонамен футбол ойнады (видео)

Талқылау