Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет жалған сертификатпен білім алған студенттерге қанша қаражат жұмсады

«Астана» медицина университеті жалған сертификатпен білім алып келген жүзден астам студенттен оқуға және мемлекеттік шәкіртақыға жұмсалған қаражатты өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізілетін болады, деп мәлімдеді университет ректоры Мәжит Шайдаров.

Мемлекет жалған сертификатпен білім алған студенттерге қанша қаражат жұмсады

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Оларға ай сайын мемлекеттік шәкіртақы төленді. Магистранттарға – 61 мың 561 теңге, докторанттарға – 81 мың, резиденттерге – 67 мың теңге. Сондай-ақ, магистранттарды даярлауға – 65 мың теңге, резиденттерге – 67 мың, докторанттарға – айына 120 мың теңге шығын кетті. Бұл сомалар есептелініп, төлеуге беріледі», – деді Шайдаров бейсенбіде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол жалған сертификаттар туралы ақпаратты ақылы негізде оқитын және шет тілінен балы жетпей, оқуға түсе алмаған басқа студенттердің хабарлағанын айта кетті.

Бүгінгі таңда Білім министрлігі бос қалған орындарға ақылы негізде оқитын студенттерді ауыстыру мәселесін қарастыруда.

«Бүгінгі таңда оқудан шығарылған студенттерде әлі де дәрігер дипломы бар. Олар резидентура және магистр дәрежесін алуға құқылы. Бірақ біз олардың тізімдерін жариялап қана қоймай, оларды Қазақстанның барлық медициналық ЖОО-на жібереміз. Бұл студенттер енді бюджеттік негізде оқи алмайды. Олар тек ақылы бөлімде ғана білім ала алады», – деп қорытындылады ректор.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің деканы Ернар Тұрсынбектің айтуынша, оқудан шығарылған студенттер жақсы оқып, айталықтай жетістіктерге қол жеткізген.

«Оқудан шығарылғандардың ішінде тек бір ғана студент өз уақытында сабақ үлгерімі нашар болғандықтан шығарылды. Ал қалғаны – тексеруге байланысты қуылды. Оқудан шағарылған 117 студенттің ішінде резидентурада – 82, магистратурада – 24, докторантурада – 11 адам оқыды. Оқудың бірінші жылынан бастап 66 студент, екінші оқу жылынан бері – 51 адам шығарылды», – деді Тұрсынбек.

Тағы да оқыңыз:

Жаңаөзенде 16 жастағы жасөспірімнің үстіне бензин шашып, өртеп жіберген

Алматылық таксист әйел жолаушыларды қылқындырып, өлтіре жаздаған

Қазақстандық «Ник Вуйчич» белгілі спортшы Марадонамен футбол ойнады (видео)

ШҚО-да 11-12 жасар қыздар жүріп келе жатқан пойызға секіріп мінген

 

Талқылау