Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзенде 16 жастағы жасөспірімнің үстіне бензин шашып, өртеп жіберген

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылында жолдастарымен қыдыруға шыққан 16 жастағы жасөспірім тірідей өртеніп кете жаздады. Өлім аузынан қалған баланың анасы, оқыс оқиғаға ұлын ертіп кеткен достарын кіналап отыр. Денесінің жартысын күйік шалған Қожаxмет Ілесбаев қазір Маңғыстау облыстық ауруxанасының жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Жаңаөзенде тірідей өртеніп кете жаздаған баланың анасы: Ұлым «ана балалар жасады» деп жылады

Дәрігерлердің айтуынша, жасөспірімнің денесінің 52%-ын күйік шалған. Сондықтан науқасты санитарлық авиациямен Астанаға апару қажет. Қазір соған байланысты тергеу жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Анасының айтуынша, 16 жастағы ұлы оқыс оқиға болар күні екі досымен сыртқа шығып кеткен. Кенеттен көршінің баласы жүгіріп келіп, жайсыз хабарды жеткізген. Өртке оранған баласының ес-түссіз жатқанын көрген анасы есінен танып қала жаздаған. Шұғыл жедел-жәрдем шақырып, бала Жаңаөзен қаласының ауруxанасына жеткізіледі.

«Өртеніп жатқан ұлымды қасындағы досының ағасы су шашып сөндірген екен. Ажал аузынан қалған баламның беті, қолы, аяғы түгел күйген. Өте ауыр xалде жатқан ұлым аппаратпен өмір сүріп жатыр. Бірақ аздап сөйлей алады. Ұлымды кім өртегенін, оны осындай xалге қалай жеткенін білгім келеді. Өткен жолы палатасына кіргенімде «ана балалар жасады» деп жылады», – дейді анасы Балғаным Омарова.

Әзірше жантүршігерлік оқыс оқиғаның қалай болғаны ешкімге белгісіз. Бірақ, жасөспірімнің анасы ұлының осындай жағдайға түскеніне достары кінәлі дейді. Оқиға болған күні Қожаxметті ертіп кетіп, үстіне бензин шашып, өртеп жіберген деген күдігі бар. Сондықтан құқық қорғау органдарына арыз түсірген.

«Дәрігерлер ұлым аппараттан шықса, өліп қалады дейді. Баламның қалай қиналып жатқанын өз көзіммен көрдім. Қожаxмет үшінші балам. Бұл оқиғадан әлі есімді жия алмай жүрмін. Астанаға алып кетіп, емдетейін десем, не қаражат жоқ», – дейді Қожаxметтің анасы.

Маңғыстау облыстық ауруханасында 20 күннен астам жатқан Қожаxметтің жағдайы өте ауыр. Ол ауруханаға 3 сәуір күні Жаңаөзеннен жеткізілген. Жергілікті дәрігерлер оның жағдайын жақсарту үшін қолынан келгеннің бәрін жасады. Қазір науқастың күйген терісін ауыстыруға қамданып жатыр.

Маңғыстау облыстық ауруxанасының травматология бөлімінің дәрігері Құралбек Есқалиевтің айтынша, Қожаxмет Ілесбаевтың денесінің 50-52 пайызын күйік шалған. Оның 47% терең күйік. Облыстық ІІД-нің мәлімдеуінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Бұл іс Жаңаөзен Ішкі істер басқармасына тіркелді. ҚР ҚК-нің 114-бабы, 3-бөлігі бойынша (Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру) тексеру амалдары жүргізілуде. Жасөспірім ауруханадан шыққаннан кейін сот сараптамасы тағайындалатын болады», – дейді облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі бастығының міндетін атқарушы Әйгерім Ибатуллаева.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, тиісті медициналық сараптама жасау үшін зардап шегушінің жағдайы жақсару керек. Ал 20 күннен астам  жансақтау бөлімінде жатқан Қожаxметті әзірше қозғауға болмайды.

Тағы да оқыңыз:

Петропавлда анасыз өскен оқушы асылып қалды

ШҚО-да 11-12 жасар қыздар жүріп келе жатқан пойызға секіріп мінген

15 жылға сотталды: Ақтауда әкесі бірінші некесінен туған ұлын өлтірген екінші әйеліне қатысты сот үкіміне наразы

Ақтөбеде қар жауды: Жақын күнде облысқа қыс келмекші (видео)

Талқылау