Ақтауда оқушы кәріз құдығына құлап, екі аяғын күйдірді
Ақтауда 12 жасар бала ашық кәріз құдығына құлап, аяғын қайнаған суға күйдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 15 мамыр облыс орталығының 17-шағын ауданында орын алды.
Бала құлаған кәріз құдығында бумен араласқан ыстық су болған, сондықтан ол екі аяғын да күйдірді. Дәрігерлердің айтуынша, дененің 10-15 пайызы зардап шеккен.
"Бала анасымен бірге болған. Олар бірден облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жүгінді. Дәрігерлер алғашқы көмек көрсетті, таңғыш орады. Қазір баланың жағдайы тұрақты, ол травматология бөлімінде жатыр", - деді облыстық балалар ауруханасында.
Бұған дейін Нұр-Сұлтанда кішкентай бүлдіршін терезеден құлап кеткені хабарланған.
Астаналық әйел автобус бақылаушысын өзіне қол көтерді деп айыптады
Тұрғын: "Жолаушы жолақы төлеу мәселесіне тап болса, сіздермен дұрыс тілдесе алмайды"
Антибиотик беру, қымтап терлету: Инфекционист ЖРВИ кезінде жиі жіберілетін қауіпті қателіктерді атады
Балаларының қызуы түспеген ата-аналар әлеуметтік желіде алаңдаушылық білдіруде