Ақтауда мысық атқыш ер адам жазаланды (видео)
Жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін ақтаулық тұрғынға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Облыстық полицияның мәліметінше, 2-шағын ауданның тұрғыны мысықтарды қарумен атқан. Ер адам істеген ісі үшін жауапқа тартылды.
“Жануарларға қатыгездік көрсеткен ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды”, – делінген полиция хабарламасында.
Еске салайық, 5 тамыз күні 2-шағын аудандағы 74 үйдің тұрғындары жер үйде тұратын көршісі мысықтарды атқанын айтып, шығамданған еді.
Бұған дейін Ақтауда мысықтың үстіне секірген ер адам сотталған еді.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады