Ақтауда көпқабатты үйдің шатырында жүгіріп жүрген балалардың видеосы жарияланды (видео)
Ақтауда куәгерлер Green Park тұрғын үй кешенінің шатырында жүгіріп жүрген балаларды видеоға түсіріп алды. Қазір полиция балалар мен олардың ата-аналарын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Лада басылымына сілтеме жасап.

Видео әлеуметтік желіде тараған. Кадрлардан үш баланың 17-шағын аудандағы көпқабатты үйдің шатырында жүгіріп жүргенін көруге болады.
Полициядағылар оқиғаның 23 мамырда болғанын мәлімдеді. 102 пультіне 19:45 шамасында балалардың шатырда жүргені туралы хабар келіп түскен.
"Хабарламадан кейін ювенальді полиция қызметкерлері аттанды. Алайда барған кезде шатырда ешкім болмаған", – делінген полицейлер хабарламасында.
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған балалардың кім екенін анықтап жатыр.
"Қазіргі уақытта шатырға шығатын жер жабылды", – деп түсіндірді ведомстводағылар.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда