Ақтауда бір топ адам Хабиб Нұрмағамбетовті қоршап алған (видео)
Аралас жекпе-жектен "Naiza 41 x Eagle 48" халықаралық турнирі аяқталған соң бір топ жанкүйерлер UFC-дің экс-чемпионы Хабиб Нұрмағамбетовке бас салған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Лада басылымына сілтеме жасап.

Жас жанкүйерлер спорт жұлдызымен бірге суретке түсуге тырысқан. Олар спортшыны қоршап алғанымен, күзет пен полицейлер жұлдызды көлікке дейін жеткізген.
Турнир өтіп жатқан кезде жанкүйерлермен бірнеше рет жанжал болған. Билетсіз жастар қоршаудан секіріп өтіп, амфитеатр сахнасына бармақ болыпты. Полиция қызметкерлері үлгермеген соң СОБР қызметкерлері жұмылдырылған.
Жекпе-жектер кешке дейін жалғасып, көрермендер тек түнгі 02:00 шамасында тарқасты. Ал жағалауда сусындардың бөтелкесі мен өзге де қоқыстар қалған. Ақтау тұрғындары әлеуметтік желіде қатты музыкаға шағымданды.
Алматылықтар ONAY QR кодының істен шыққанына жаппай шағымданды: Метрополитен себебін түсіндірді
Желі қолданушысы: "Жаппай кешігу күні болды"
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес