Маңғыстауда бетінен оқ тиіп, қаза тапқан сарбаздың әпкесі бауыры туралы жазба жариялады
Ақтаудағы "Оймаша" полигонынында бетінен оқ тиіп, қаза тапқан қатардағы жауынгер Марат Барқұловтың әпкесі бауыры туралы жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: TikTok.com/@laulaerzhanova
Әпкесі әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялап, желі қолданушыларынан бауырының өліміне кінәлілерді жазалауға көмектесуді сұрады.
"Кішкентай інім қызметке кетіп, қайтып оралмады. Қолынан келгенше мені қорғап жүретін, менің 1 әпкем, 1 қарындасым бар дейтін. Мен қазір не болып жатқанын түсібеймін, бірақ сенің тыныш жатуың үшін әділеттің салтанат құруына қандай да бір үлесімді қосқым келеді. Барлығыңыздан осы іс бойынша ақпарат таратуды сұраймын. #ЗаМаратика хэштегімен сторис, пост, видео жариялайық", – дейді марқұмның әпкесі.
Ол Маратқа кездейсоқ оқ тигеніне сенбейтінін және қылмыс жасаған адамның жазадан құтылып кетеді деп қорқатынын жеткізді. Желідегі видео 900 мыңнан астам қаралым жинаған.
Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысында борышын өтеп жүрген сарбаз полигонда бетіне оқ тиін, көз жұмғаны туралы жазған едік. Бас әскери прокуратура сарбаз өліміне қатысты істің “қасақана адам өлтіру” бабымен тергелетінін мәлімдеді.