Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда әйел екі кішкентай баласымен кіреберістегі бетонда ұйықтаған (видео)

Ақтауда әйел кішкентай балаларымен көпқабатты үй кіреберісіндегі бетон еденге ұйықтап қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі inAktau.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

видеодағы кадр

Оқиға 17 шілдеге қараған түні болған. Куәгерлер жағдайды видеоға түсіріп алған. Олардың сөзінше, әйел мас күйде болған.

Кейін куәгерлер полицияға жүгінген. Айтуларынша, олар тәртіп сақшыларын ұзақ күткен. Сонымен қатар балаларды тоңып қалмас үшін үйлеріне апармақ болған. Алайда балалар мұны қаламапты. Бейнежазбаға қарағанда, кейін қамқор адамдар балаларға жылы көрпе әкеліп берген.

 

Маңғыстау облысының полиция департаменті 16 шілдеде сағат 23:40 шамасында "102" кезекші пультіне 11-ші шағынаудандағы №33 үй кіреберісінде екі баласы бар әйел мас күйде жүргені туралы хабарлама түскенін хабарлады.

"Шақыруға келген полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған балалары бар әйелді анықтады. Оның жеке басын анықтау барысында тұрғылықты жерге тіркеуі жоқтығы белгілі болды. Балалар облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабы ("Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру") бойынша әкімшілік хаттама жасалды", – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Полицейлер видеоға түсіп қалған әйелдің баспанасыз екенін растамады. Сондай-ақ, олар қамқоршылық органдарының отбасыға көңіл бөлетіні туралы ақпарат беретінін айтты. 

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы сәбилердің (2021 жылы туған қыз, 2019 жылы туған ұл бала) жағдайы қанағаттанарлық, алдағы 7-10 күнде олар дәрігерлердің бақылауында болатынын айтты. 

 

Талқылау