Әскерде тағы бір өлім: Ақтауда бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан сержанттың денесі табылды
Ақтауда өз өзіне қол салып қаза тапқан келісім шарт бойынша әскери қызметкер бір жылға жуық бала күтіміне байланысты демалыста болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

28 қыркүйекте Ақтауда 39 жастағы әскери қызметкердің мәйіті өз пәтерінен табылды. Ақтау гарнизонының мәліметінше, ер адам бір жылға жуық бала күтіміне байланысты демалыста болған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасындағы кикілжің салдарынан асылып, өз-өзіне қол жұмсаған. Себептері мен мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.
Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әуе қорғанысы күштері қолбасшылығы әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына көңіл айты.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағынан 44 жастағы сержанттың денесі табылған еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан