Ақтауда адамдарды құтқару кезінде қаза тапқан ер адамның отбасына баспана берілді

Ақтауда Каспий теңізінде адамдарды құтқару кезінде суға батып кеткен Ерлан Шонтабаевтың отбасына баспана берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Маңғыстау облысының әкімдігінің мәліметінше, марқұмның отбасына жаңа үш бөлмелі пәтердің кілті табысталған.
Қайғылы оқиға 26 шілде күні Каспий теңізінің жағалауында болған еді. Ерлан Шонтабаев суға шомылуға тыйым салынған аумақта теңізге ағып бара жатқан екі қызды құтқарып қалған. Үшінші ер адамды құтқармақ болып көмекке ұмтылғанда қатты толқындарға байланысты өзі судан шыға алмай қалған.
6 тамыз күні марқұмның туыстарына жаңа үш бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Баспана құрылыс компаниясының қолдауымен берілген.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда ер адам суға батып бара жатқандарды құтқарып, өзі батып кеткені туралы жазған едік. Марқұмның артында жұбайы мен 5 баласы қалды.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”